Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Астана қаласы әкімдігінің " 71 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  сайтына қош келдіңіздер!

Мектеп жаңалықтары

Арқан тартыс

13.10.2016
Просмотров: 499
Дене шынықтыру пәні апталығы өтуде. Апталық аясында бүгін мектебімізде шымыр жігіттеріміздің арасында ұлттық ойын - "арқан тартыс" өткізілді!!!
Толығырақ >>

Біз таза қаланы қолдаймыз!

24.09.2016
Просмотров: 585
24.09.2016 ж. 71 мектеп-лицейі ұжымы да "Біз таза қаланы қолдаймыз!" атты жалпықалалық сенбілікке жұмылдырылды.
Толығырақ >>

Отбасы - бақыт мекені

10.09.2016
Просмотров: 429
Отбасы - бақыт мекені... Балдырған балалық шақтың тәтті қызықтарын бөлісетін орта - отбасы емес пе? Бақытты сәттерін фотоаппараттың көмегімен естелікке қалдырған бастауыш сынып оқушылары да апталығымызға өз үлестерін қосты. Сынып жетекшілердің, ата-аналардың қолдауымен шуақты сенбі күнінде отбасылық фотосуреттердің тамаша көрмесі өтті.
Толығырақ >>

Отбасы - бақыт мекені

10.09.2016
Просмотров: 435
"Отбасы - бақыт мекені" апталығы аясында 10.09.2016 жылы 4-сынып оқушылары мен ата-аналарының арасында отбасылық эстафета өтті. №71 мектеп-лицейінде өтіп жатқан апталық барысында ұйымдастырылған бұл шара қатысушы отбасылардың спорттық белсенділігін тағы бір мәрте айқындады. Апталықтың жабылуында жүлделі орын алған отбасылық командалар алғыс хаттармен марапатталатын болады.
Толығырақ >>

Отбасы - бақыт мекен

10.09.2016
Просмотров: 478
"Отбасы - бақыт мекені" апталығы жалғасуда. 10.09.2016 жылы мектеп психологының ұйымдастыруымен 1-сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық конференция ұйымдастырылды. Конференцияның басты мақсаты - бүлдіршіндерді тәрбиелеу барысында ата-аналар тарапынан жіберілетін кейбір қателіктерді анықтау, олардың алдын алу. Шара барысында ата-аналарға көптеген пайдалы кеңестер берілді.
Толығырақ >>

Отбасы - бақыт мекені

10.09.2016
Просмотров: 449
2016 жылдың 5-12 қыркүйек аралығында мектебімізде "Отбасы - бақыт мекені" тақырыбы аясында апталық өтуде. Апталық жоспарымыздың кезекті шарасы 9 қыркүйек күні №71 мектеп-лицейінің "Сөзмерген" инттеллектуалды-пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен "Бұл Палата ата-ананың қарызын өтеу сенің парызың деп есептейді" тақырыбы бойынша мектепішілік дебат ойындары өткізілді. Айта кетейік, "Сөзмерген" пікірсайыс клубы 2015 жылдың қараша айында мектеп директорының қолдауымен ашылған болатын. Бүгінгі күнге дейін оқушыларымыз қалалық, республикалық, халықаралық пікірсайыс ойындарына
Толығырақ >>

Денсаулық күні

05.09.2016
Просмотров: 514
Риодағы толағай жеңістеріміздің ізімен Тәуелсіз еліміздің 25 жылдығы аясында өз жұмысын бастаған "71 мектеп-лицейінің" шығармашылық ұжымы 2016 жылдың қыркүйек айының 3 жұлдызында мектеп өмірінде дәстүрге айнала бастаған "Денсаулық күнін" өткізді. Кезең-кезеңге бөлінген спорттық шаралар жас буынның салауатты өмір салтын ұстанып, шымыр азаматтар мен азаматшалар болып өсуіне жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылды. Оқушылар кіші, орта, жоғары буындарға бөлініп, түрлі спорттық сайыстарда өз мүмкіндіктерін сынады. Жақсы спорттық нәтижелер де көрсете білді. Оқушыларға арналып
Толығырақ >>

Болашаққа бастаған жол!

05.09.2016
Просмотров: 557
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Астана қаласының сол жағалауында орналасқан №71 мектеп-лицейінің ұжымы «Білім күнін» дәстүрлі түрде атап өтті. Салтанатты шараға арнайы келген қонақтардың ішінде ҰОС ардагерлері, Астана қалалық Мәслихатының депутаттары, Астана қаласы Білім басқармасының өкілдері, ата-аналар, басқа да айтулы қонақтар болды. 2016-2017 оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылып, алғашқы тәрбие сағаттары өткізілді. Мектебіміздің ең кішкентай бүлдіршіндері келешек 2017 жылдың жас түлектеріне арнап жылы лебіздерін білдірсе, мектептің өнерлі оқушылары ән-би
Толығырақ >>

Қауіпсіз интернет

21.04.2016
Просмотров: 561
21 сәуір күні №3 мектеп-гимназиясында 5-11 сыныптар аралығында «Қауіпсіз интернет» Республикалық ақпараттық науқан аясында «Қауіпсіз интернет» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Толығырақ >>

«Еңселі Әнұран, айбынды Елтаңбам, тұғырлы туым»

11.04.2016
Просмотров: 538
Астана қаласы № 71 мектеп-лицейінде 11.04.2016ж ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттау мақсатында 1-11- ші сыныптар аралығында ұйымдастырылған іс- шара өтті. Іс-шара барысында оқушылар «Еңселі Әнұран, айбынды Елтаңбам, тұғырлы туым» тақырыбында саптүзеу  және тақырыптық тәрбие сағаттар өткізілді.
Толығырақ >>