Мектеп жаңалықтары
Болашаққа бастаған жол!
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Астана қаласының сол жағалауында орналасқан №71 мектеп-лицейінің ұжымы «Білім күнін» дәстүрлі түрде атап өтті. Салтанатты шараға арнайы келген қонақтардың ішінде ҰОС ардагерлері, Астана қалалық Мәслихатының депутаттары, Астана қаласы Білім басқармасының өкілдері, ата-аналар, басқа да айтулы қонақтар болды. 2016-2017 оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылып, алғашқы тәрбие сағаттары өткізілді. Мектебіміздің ең кішкентай бүлдіршіндері келешек 2017 жылдың жас түлектеріне арнап жылы лебіздерін білдірсе, мектептің өнерлі оқушылары ән-би шашуларымен жиылған қауымға мерекелік көңіл күй сыйлады. Білім ордасы өз тарихының келесі кезеңіне батыл түрде қадам басты.
Просмотров: 557