Мектеп жаңалықтары
«ЭКСПО» халықаралық көрмесінің павильиондарында ата-аналар және оқушыларға дәстүрлі емес сабақтар өткізді
«Әлеуметтік маңызы бар бастамаларды дамыту қоры» Астана қаласы Білім беруді модернизациялау Орталығымен бірлесе отырып, «Ekochallenge» экологиялық жобасын өткізуге үлкен қолдау көрсетті. Осы жоба аясында №71 мектеп-лицейінің мұғалімдері 22.11.2018 ж. күні «ЭКСПО» халықаралық көрмесінің павильиондарында ата-аналар және оқушыларға дәстүрлі емес сабақтар өткізді.
География пәнінің мұғалімі Масалимова Нургуль Шынтемірқызы "Экология жастар көзімен" тақырыбында 6 "Ә" сыныбына экоквест ойынын жүргізді. Ойынның мақсаты квест ойыны әдісімен жас жеткіншектерге су энергиясы, күн энергиясы дүние жүзінде өндіретін қуат көзінің негізі екенін жеткізу. Оқушылар ойынға 4 топқа бөлініп қатысты. Жеңген топқа тосын сый табысталды.
Бастауыш сынып мұғалімдері Садуакасова Айнагуль Копжасаровна мен Жамауова Гульшат Утегеновна 2-4 сынып оқушыларына "Қазақстандағы қазіргі экологиялық пробеламар" тақырыбына сәйкес экскурсия жүргізді. Калиева Гульзира Токмагамбетовна мен Камзенова Акмарал Мукажановна 3-4 сынып оқушыларымен "Экология — өмірдің соғып тұрған жүрегі!" тақырыбы бойынша қалдық заттарды қайта өңдеу арқылы әр түрлі заттар жасауға болатынын практика жүзінде көрсетті.
Әлеуметтік маңызы бар бастамаларды дамыту қорына, Астана қаласы Білім беруді модернизациялау Орталығына және де осы шараға белсене қатысқаны үшін ата-аналар мен ұстаздарға алғыс білдіреміз!

Просмотров: 551