Мектеп жаңалықтары
«ЭКСПО» халықаралық көрмесінің павильиондарында ата-аналар және оқушыларға дәстүрлі емес сабақтар өткізді
№71 мектеп-лицейінде қараша айының 12-сі бастап 24-і аралығында "Эко он күндігі" өтуде. Он күндіктің мақсаты оқушыларды қоршаған ортаны қастерлеуге шақыру, қазіргі кездегі еліміздегі және әлемдегі экологиялық мәселелермен таныстыру. Эко онкүндік барысында 1-11 сыныптардың жетекшілер өз сыныптарымен "экология және біз" тақырыбында сынып жұмыстары жүргізілді. Осы онкүндік аясында №71 мектеп-лицейінің мұғалімдері 22.11.2018 ж. күні «ЭКСПО» халықаралық көрмесінің павильиондарында ата-аналар және оқушыларға дәстүрлі емес сабақтар өткізді. Сонымен қатар мектеп оқушыларымен мұғалімдердің назарына қайта өңделген керексіз қалдықтардың көрмесі өтті. Қазіргі таңда мектеп оқушыларының арасында "макалатура жинау" сайысы өтуде. Сайыстың қорытындысы бойынша ең көп макалатура жинаған сыныпқа түрлі сыйлықтар ұсынылады.



Просмотров: 512